{metadescription}
Талғардағы қайғылы оқиға: марқұм Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті

Талғардағы қайғылы оқиға: марқұм Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті

Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың үйі түнде өртеніп кетті. Бұл туралы әлеуметтік желіде хабарлана бастады.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Куәгерлердің сөзінше, үй тұтас өртеніп кеткен.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 12 қазан күні сағат 00-50-де Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылында тұрғын үй өртеніп кетті. Шақыру орнына Алматы облысы ТЖД 10 қызметкері мен 3 бірлік техникасы дереу жіберілді.

«Бірінші өрт сөндіру бөлімшесі келген сәтте — сағат 01-08-де тұрғын үйдің шатырының жануы орын алғаны анықталды. Үй толығымен отқа оранған.

Қабылданған жедел шаралардың нәтидесінде өрт сағат 01-38 оқшауланып, 01-43-те 56 шаршы метр алаңда толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі нақтылануда», — деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері оқиға орнында.

Бұл дерекке Полиция департаменті жауап берді.

«12 қазанға қараған түні Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылындағы үйлердің бірінде өрт болды. Бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу аясында куәгерлерден жауап алынып жатыр, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — делінген хабарламада.

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде