{metadescription}
Артур Бетербиев Эр-Риядта Дмитрий Биволды жеңіп, абсолютті чемпион атанды

Артур Бетербиев Эр-Риядта Дмитрий Биволды жеңіп, абсолютті чемпион атанды

Кәсіпқой бокстан жартылай орта салмақта өнер көрсететін канадалық боксшы Артур Бетербиев (20-0) әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін ресейлік Дмитрий Биволмен (23-0) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 

Төрешілер 114-114, 115-113, 116-113 есебін тіркеді.

39 жастағы Бетербиев WBC, WBO және IBF чемпиондық атағын қорғады. Биволдың WBA және IBO белбеуін иеленді. Сондай-ақ The Ring титулын алды. 

33 жастағы Бивол мансабында алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татты.

Айта кетсек, Артур Бетербиев Шешенстан тумасы, әуесқой бокста Ресей атынан өнер көрсеткен. Алайда, кәсіпқой боксқа ауысқаннан кейін ол 2013 жылы Канадаға көшіп, 2022 жылы сол елдің азаматтығын алды. Дмитрий Бивол болса Қырғызстанда туып, бала кезінде Ресейге қоныс аударған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

12 қазан

11 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде