{metadescription}
Көршілес елдерден әкелінген 50 келіге жуық есірткі тәркіленді

Көршілес елдерден әкелінген 50 келіге жуық есірткі тәркіленді

Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (МҚК) өзге де күш құрылымдарымен бірлесіп, Ауғанстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан Өзбекстанға әкелінген 47,2 кг есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Kazinform.

МҚК мәліметінше, Сұрхандария облысының Узун ауданында үш жергілікті тұрғын ұсталды. Олар Тәжікстаннан 10 келіден астам апиын мен 10 келіден көп гашишті контрабандалық жолмен тасымалдауға тырысқан.

Сонымен қатар аталған облыстың тағы бір тұрғыны қолға түсті. Оның бұрын есірткі саудасы үшін сотты болғаны анықталды. 43 жастағы Термездің тұрғыны алдын ала жасырылған қораптан 1 953 г. апиын мен 4 116 г. гашишті алып кетіп жатқан уақытта ұсталды.

Белгілі болғандай, есірткі Өзбекстанға Ауғанстаннан жеткізілген. Бұған қоса, күдіктімен сыбайлас болған Қазақстан азаматы (1976 жылы туған) ұсталды. Ол апиын мен гашишті өзбекстандықтан алып кетпек болған кезде қолға түсті.

Мұнымен бірге, Сұрхандария облысында тағы екі азамат ұсталып, олардан жалпы салмағы 922 г. апиын мен 8 283 г. гашиш тәркіленді.

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің мамандары Ферғана облысында да есірткі тасымалдаған, сақтаған екі өзбекстандықты қолға түсірді. Күдіктілерді тінту барысында 1 764 г. апиын және 10 161 г. гашиш табылды. Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

12 қазан

11 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде