{metadescription}
Қырғызстандық «фура» жүргізушісі ҚР территориясында мемлекеттік номерін өзгертіп алып жүрген

Қырғызстандық «фура» жүргізушісі ҚР территориясында мемлекеттік номерін өзгертіп алып жүрген

Жамбыл облысы Меркі ауданы маңындағы тас жолда көлігінің нөмірін өзгертіп алған «фура» жүргізушісін ұсталды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы барысында «АвтоСканнар» мобильді кешенінің көмегімен өтіп бара жатқан DAF маркалы жүк көлігінің мемлекеттік нөмірдегі бір әрпі басқа екенін анықтаған. Қырғыз Республикасының 33 жастағы тұрғыны бұл әрекетін жолда жылдамдықты асырғаны үшін бейнекамераларға түсіп қалмау мақсатында жасағанын мойындады.

Жүргізушінің Қырғызстаннан Ресейге Қытай автокөліктерін тасымалдаумен айналысатыны белгілі болды.

Меркі аудандық сотының шешімімен құқық бұзушы 1 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде