{metadescription}
Еліміздің өңірлерінде ұйымдастырылған заңсыз көші-қон арналары әшкереленді

Еліміздің өңірлерінде ұйымдастырылған заңсыз көші-қон арналары әшкереленді

Ішкі істер министрлігі қылмыстық және террористік әрекеттермен айналысатын адамдардың елге кіруіне жол бермеу мақсатында заңсыз көші-қон арналарын анықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері осы айдың басынан бастап заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар бірнеше қылмыстық топтың жолын кесті. Қылмыстық схемалар мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту, жалған құжаттарды қолдана отырып, шетелдіктерге уақытша тұруға және жұмыс істеуге рұқсат беруді ресімдеу сияқты қызметтерден тұрған, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Жамбыл облысында жергілікті тұрғын ұсталды. Ол таулы аймақ арқылы Еуроодақ елдеріне табыс үшін барғысы келетін алыс шет елдердің азаматтарына заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған.

Атырау облысында үш шетелдік жалған құжаттарды пайдалана отырып, Қазақстан аумағында басқа шетелдіктерді тіркеумен айналысқан. Осыған ұқсас қылмыстық схема елордада ашылды. Онда еңбек мигранттары үшін құжаттарды заңсыз ресімдеуге қатысы бар бес жергілікті тұрғын ұсталды.

– Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Кінәлілер мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, – деді Қуандық Алпыс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде