Астанада Ұлттық ұлан жауынгерлері өрт шыққан мейрамханадан азаматтарды алып шықты
12 қазан күні сағат 20.00 шамасында Астана қаласында Есіл жағалауындағы мейрамханалардың бірі өртенді. Ұландықтар азаматтарды аман алып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Фото: polisia.kz
17:48 13.10.2024
Сол маңда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген ҚР ІІМ Ұлттық ұланының сарбаздары оқиға орнына алғаш болып жетті. Капитан Д. Бакен бастаған әскери жасақ жауынгерлері бірден мейрамхана қызметкерлерін қауіпсіз жерге шығарды. Дереу өрт сөндіру қызметіне және құқық қорғау органдарына хабар берді. Бұл уақытта өзге жасақтар уақыт жоғалтпай асүйге өтіп, жарылыстың алдын алу мақсатында газ баллондарды да өрттен қашық жерге алып шықты.
– Қала көшелерінің тыныштығын қамтамасыз ету кезінде Мәмбетов көшесі 3 мекенжайында орналасқан мейрамханадан шыққан түтінді байқадық. Патрульдік топ бастығы Жансүгіровтің басшылығымен, әскери жасақтар өрт аумағын қоршауға алып, тиісті шараларға кірісті. Оқиға орнына өрт сөндіру тобын шақырдық. Олармен қатар тәртіп сақшылары да жұмыс істеп жатыр, - дейді Ұлттық ұлан офицері.
Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!