Ақсай қаласында ит қапқан 5 жасар қыз ауруханаға түсті
Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында қаңғыбас ит қапқан қыз ауруханаға жатқызылды.
Фото: Фейсбук әлеуметтік желісінен
10:51 14.10.2024
Әлеуметтік желіден алынған мәліметке қарағанда, қаланың солтүстік бөлігіндегі балалар алаңы аумағында кішкентай қызға иттер шабуыл жасаған. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 11 қазан күні сағат 11.40-та Бөрлі аудандық ауруханасына көптеген жарақатпен 5 жасар қыз жеткізілген. Травматикалық шок белгілері бар екендігін ескере отырып, қыз бала жансақтау бөліміне жатқызылды.
«Қызға ауырсынуды басатын ем жасалып, жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізілді. Сондай-ақ шұғыл түрде сіреспеге қарсы егілді. Жансақтау бөлімшесінде жатқан кезде қыздың жағдайы тұрақталып, хирургияға ауыстырылды. Қазіргі кезде оның жағдайы тұрақты ауыр. Тамақты өздігінен ішеді. Қозғалады. Қыз бала қажетті емін алуда», - деп хабарлады ведомстводан.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!