{metadescription}
2027 жылға дейін колледж студенттерінің жатақхана мәселесі толық шешіледі - министр

2027 жылға дейін колледж студенттерінің жатақхана мәселесі толық шешіледі - министр

Қазір елімізде 772 колледжде 565 мың студент білім алып жатыр. Бұл туралы Мәжілісте кадрлық әлеуетті нығайту тақырыбында өтіп жатқан Үкімет сағатында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті.

«Қазақстан Республикасы еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде Министрлік еңбек нарығына сәйкес кадрлар даярлауға бағытталған іс-шараларды айқындады. Қазір елімізде 772 колледжде 565 мың студент білім алып жатыр (396 мың – тегін, 169 мың – ақылы). Кадр даярлаудағы негізгі нәтижелердің бірі – түлектерді жұмыспен қамту. Бүгінде бұл көрсеткіш 79%-ды құрады. Оған қоса, оқу орнын бітіргендердің 18%-ы жоғары оқу орындарына түскен және әскер қатарына шақырылғандар», - деді Ғ. Бейсембаев.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін жастарды сұранысқа ие мамандықтармен 2025 жылға дейін 100% тегін қамту көзделген. Биылдың жоспарлы көрсеткіші орындалды. Кадрларды озық даярлау моделі арқылы еңбек нарығының болашақ сұранысына және технологиялық өзгерістерге сәйкес келетін мамандарды дайындауға 2025 жылы мемлекеттік тапсырыс көлемін 155 мыңға дейін, оның ішінде техникалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс көлемін 70 пайызға дейін көбейту көзделіп отыр.

«2024 жылдың қыркүйегінен бастап стипендия тағы 50 пайызға өсті. Бүгінде жатақханаға мұқтаж студенттердің 87%-ы жатақханамен қамтамасыз етілген. 2027 жылға дейін тапшылықты түбегейлі шешу үшін 10 мың орынға арналған жатақханаларды пайдалануға беру қарастырылған. Колледждерге «жанама кіру» механизмі арқылы өндірістен тәжірибелі мамандар тартылып жатыр, оларға лауазымдық жалақысының 35% пайызға дейінгі мөлшерде қосымша ақы төлеу ескерілген», - деді министр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.