{metadescription}
Жұмыспен қамтуда «тізесі шыққан» шараларды қолданудамыз – Асхат Аймағамбетов

Жұмыспен қамтуда «тізесі шыққан» шараларды қолданудамыз – Асхат Аймағамбетов

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов еңбек нарығындағы теңсіздік пен мамандар тапшылығы мәселесін көтерді.

«Біз маман жетіспейді дейміз, бірақ «гидромелиорация» мамандығына бөлінген гранттарға бірде-бір адам өтініш бермеген. Яғни конкурста 0 адам болды. Көлік құрылыстары бойынша бөлінген 300 гранттың тек 29-ына адам қабылданды. Яғни бір грантқа 0,1 адам келіп отыр. Бұл мысалдар кадр тапшылығы күрделі мәселе екенін айқын көрсетеді. Яғни проблема тек грант санында әлде оның дұрыс бөлінбеуінде ғана емес. Тіпті, оларды дайындайтын колледждер мен университеттердің болмауында немесе олардың оқыту сапасында еместігі бәрімізге анық деп ойлаймын», - деді А. Аймағамбетов Мәжілісте «Қазақстанның еңбек нарығын дамыту және кадрлық әлеуетін нығайту» атты Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, 2008 жылдан бастап жұмыспен қамтудың 5 бағдарламасы қабылданды. Яғни әр екі жыл сайын жаңа бағдарлама қабылданып отырған.

«Олар қандай нәтиже берді? Егер жұмыспен қамту шараларын негізгі құралдары мен әдістері арқылы талдайтын болсақ, осы жылдар бойы концептуалды түрде айтарлықтай өзгермегенін және негізінен уақытша сипатта болғанын байқаймыз. Біз әлі күнге дейін көбінесе «тізесі шыққан» шараларды қолданудамыз. Жаңа жүйелі шаралар аз, сол баяғы уақытша жұмыс орындарын құру, оқыту және қайта оқыту, шағын несие беру және басқалары. Ал жергілікті деңгейде бұл шаралар қоғамдық жұмыстарға тартудан, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынудан және жастар практикасынан аса алмай отыр. Осы шаралардың қаншалықты тиімді екенін де зерттеп жатқан ешкім жоқ», - дейді депутат.

А. Аймағамбетов Үкімет есебінде жыл сайын шамамен 900 мың адам жұмысқа орналасатынын, жылына миллионға жуық адам жұмысқа орналасса да, жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалып отырғанын сынға алды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде