{metadescription}
Өскеменде екі дүкенді тонап кеткен күдікті ұсталды

Өскеменде екі дүкенді тонап кеткен күдікті ұсталды

Полиция қызметкерлері күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады. Түнгі уақытта полицияға гүл сататын дүкеннің сатушысы тонау болғаны туралы хабарлаған.

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адам дүкенге кіріп, қорқытып, бірнеше рет ұрып, кассадан 14 мың теңгені алып, кейін белгісіз бағытқа қашып кеткен. Екі күннен кейін полицияға дәл сондай қоңырау келіп түскен. Бұл жолы да ер адам азық-түлік дүкенінде сол сценарий бойынша әрекет еткен.

Сатушыға күш көрсетіп, кассадан 110 мың теңгеден астам ақшаны алып, қашып кеткен. Тәртіп сақшылары күдіктіні жедел анықтап, қамауға алды. Ол облыстың 30 жастағы тұрғыны екені, тонау кезінде қылмыс жасаған маңда тәулік бойы пәтер жалдап тұрғаны анықталды.

Ұрланған ақшамен қарыздарын өтеген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайды анықтауға бағытталған қосымша тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдікті мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде