{metadescription}
Маңғыстауда оқушылардың жаппай уланғаны үшін кімдер жауапқа тартылды

Маңғыстауда оқушылардың жаппай уланғаны үшін кімдер жауапқа тартылды

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Маңғыстауда тамақтан уланған оқушылар жөнінде пікір білдірді.

«Тамақтану мәселесіне байланысты оны ұйымдастырған кәсіпкерлердің жауапкершілігі мәселесін үнемі көтеріп келемін. Нақты Маңғыстау облысы бойынша тамақтандырумен айналысқан кәсіпкер мектептен аластатылды. Менің білуімше, бұдан былай бұл кәсіпкер ешбір мектепке араласуына шектеу қойылды. Одан бөлек, тиісті жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Білім басқармасының басшысы жұмыстан кетті, әкім орынбасары жауапқа тартылды, оған қоса кәсіпкерлермен келісімшарт тоқтатылып, басқа кәсіпкерге алмастырылды», - деді министр.

Еске салайық, Маңғыстаудың Мұнайлы ауданында бір мектептің оқушылары астан уланып қалған болатын.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.