{metadescription}
Приозерск гарнизонында әскери қызметші өзін атып мерт болды

Приозерск гарнизонында әскери қызметші өзін атып мерт болды

Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметшінің өз-өзін атып өлтіргенін растады.

«Осы жылдың 14 қазанында Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші қарауыл қызметін атқарған уақытта бекітілген қарумен өзінің бас аумағына оқ атқан. Аталған оқиға әскери қызмет өткерумен байланысты емес.

Алдын ала ақпаратқа қарағанда сарбаз отбасылық-тұрмыстық жанжалға байланысты өз-өзіне қол салған», - делінген ресми ақпаратта. 

Ведомство мәліметінше, осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. 

«Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Айта кетерлігі, сарбаздың белгіленген әскери қызметінің аяқталуына екі апта қалған. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Оның жақындарына қажетті көмек көрсетіледі», - деп атап өтеді Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде