{metadescription}
Жамбылдық полицейлер ірі көлемдегі есірткі тасымалының жолын кесті

Жамбылдық полицейлер ірі көлемдегі есірткі тасымалының жолын кесті

Жамбылдық полиция қызметкерлері Шу ауданында Түркістан облысының және Алматы қаласының 2 тұрғынын жабайы қарасораны дайындау және жинау кезінде ұстады.

Аса ірі көлемдегі есірткі құралдарын заңсыз дайындау, сақтау дерегін Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, «Дельта-Долина» аймақтық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімі, «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағының қызметкерлері «Қарасора-2024» іс-шарасы шеңберінде анықтады.

Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 27 келі 500 грамм «каннабис өсімдіктері» және 4 келі 760 грамм «кептірілмеген марихуана» есірткі заты болып табылады.

- Ұсталған адамдар бұрын сотты болғандар. Олар өз кінәсін толығымен мойындап Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу аяқталғаннан кейін іс материалдары сотқа жіберілетін болады, - деді Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асқар Жұмабеков.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде