5 мың жылдық бейіт табылды
Археологтар Орталық Қытайдың Хэнань провинциясында шамамен 5 мың жыл тұрған неолит дәуіріне жататын моланы тапты, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.
Фото: pixabay.com
09:18 15.10.2024
Xinhua агенттігінің хабарлауынша, бейіт сол дәуірдегі жергілікті билеушіге тиесілі деген болжам бар.
Мамандардың бағалауынша, оны жерлеу рәсімінен кейін көп ұзамай әдейі қорлаған. Марқұмның қаңқасының көп бөлігі жоғалып кеткен, көптеген салтанатты заттар бүлінген.
Ғалымдар Юнчэн қаласында орналасқан қабірден 350-ден астам бұйымдар – керамика, сүйек және нефриттен жасалған бұйымдарды анықтады. Нысанның ауданы 17 шаршы метрден асады. Тарихшылардың шамалауынша, ерте заманда бұл жерде «астанамен салыстыруға болатын» үлкен елді мекен орналасқан.
Табылған бейіт Ванчуан деген жерде орналасқан, онда көне қирандылар бар және сол жерден жаңа археологиялық олжалар туралы мәліметтер келіп тұрады. Артефактілер Қытайдың бұл бөлігінде сонау өткен заманда Шығыс Азия аймағының әртүрлі мәдениеттерінің өзара баюының қарқынды процесі болғанын растайды.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!