{metadescription}
Жыл басынан бері теңге бағамы 5,8% әлсіреді - Ұлттық банк

Жыл басынан бері теңге бағамы 5,8% әлсіреді - Ұлттық банк

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамын қолдау үшін ішкі нарыққа доллар сату қалай ұйымдастырылып жатқанын мәлім етті.

«Қыркүйекте теңгенің айырбастау бағамы 1 доллар үшін 481,11 теңгеге дейін, яғни 0,1%-ке аздап нығайды. Алайда, жылдың басынан бері 5,8%-ке әлсіреді. Трансферттерді қамтамасыз ету үшін қыркүйекте Ұлттық қордан республикалық бюджетке 945 млн доллар валюта сату теңгеге қолдау көрсетті. Сондай-ақ, Ұлттық банктің «Қазатомөнеркәсіп» АҚ акцияларын сатып алуының валюта нарығына ықтимал теріс әсерін теңестіру аясында біз 241,5 млн АҚШ долларын саттық», - деді Ұлттық банк басшысы.

Тимур Сүлейменов Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялау үшін млн доллар сатып алынғанын айтады.

«Зейнетақы активтерінің валюталық үлесі мақсатты 40% деңгейіне жетуіне байланысты шетел валютасын сатып алуды тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Теңгенің бұдан кейінгі динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, әлемдік нарықтардағы жағдайға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық банк теңгерімсіздікті болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстанады», - деді ол.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде