Шетелден 7 айлық бала табылып, Қазақстанға қайтарылды
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 7 айлық Қазақстан азаматының Ресей Федерациясынан елге оралғанын хабарлады.
Фото: pixabay
12:30 15.10.2024
Келген бойда бүлдіршін балалар ауруханасына қаралып, тексерілу үшін жатқызылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Медициналық шаралар аяқталған соң нәресте «Балалар үйі» КММ-не жіберіледі. Баланы алып келу процесіне әдіскер-қамқоршы және анестезиолог-реаниматолог қатысты.
«Біз үшін әрбір баланың қандай жағдай болмасын, қажетті қолдау алуы маңызды. Сондай-ақ, еліміздің әрбір азаматына барынша қамқорлық көрсетіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысудамыз. Тиісті органдар мен мамандар кішкентай нәрестені елге қайтару үшін орасан зор жұмыс атқарды. Осы жақта оның өсіп-жетілуі үшін білікті мамандар қолдан келгеннің бәрін істейді», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.
«ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ете отырып, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді жұмысты жалғастыруда. Біз қажет болған жағдайда балаларды Отанына қайтару үшін бар күш-жігерімізді саламыз және олардың кәсіби мамандардың қамқорлығында болуын қамтамасыз етеміз», - делінген хабарламада.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!