{metadescription}
Шерзат Болаттың өліміне және бұзақылыққа қатысты 10 күдікті ұсталды

Шерзат Болаттың өліміне және бұзақылыққа қатысты 10 күдікті ұсталды

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов Талғарда жасөспірімді өлтірді деген күдіктілердің ұсталуына қатысты мәлімет берді.

«Қылмыстық тергеудің объективтілігіне келсек, бірден іс қозғалды. Оқиға орнында 7 күдікті ұсталып, уақытша қамауға алынды. 13 қазанда тағы үш адамды қамадық. Төбелестен кейін қайғылы жағдай болған жерге жақын жерде тұратын екі адам келді. Қазір оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов.

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде