Талғар қаласының әкімі мен орынбасары қызметінен босатылды
Талғар қаласының әкімі мен оның орынбасары жұмысынан кетті. Бұл туралы құжат Талғар әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.
15:06 15.10.2024
Жарияланған құжатта лауазымды тұлғалардың өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармауы жұмыстан босатуға себеп болғаны айтылған.
"Талғар қаласының әкімі Қуатбекұлы Бахыт Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды. Басқа лауазымдағы қызметкерлердің жауапкершілік деңгейі пысықталып жатыр", - делінген құжатта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!