{metadescription}
Қыдырберді Беков Экология және табиғи ресурстар министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Қыдырберді Беков Экология және табиғи ресурстар министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Қыдырберді Әндірұлы Беков ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

1977 жылы дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Маңғыстау облыстық жерге орналастыру бөлімінде инженер-жерге орналастырушы болып бастаған.

2004-2010 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің аппараты Жер ресурстары басқармасында жерге орналастыру бойынша бас маман, бөлім бастығы және бас инспектор болып жұмыс істеді.

2010-2011 жылдары — Маңғыстау облысы Басқұдық ауылдық округінің әкімі.

2011-2023 жылдары — Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің орынбасары, аудан әкімі.

2023-2024 жылдары — ҚР Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.