Қор нарығында доллар қайта қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
17:05 15.10.2024
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 2,90 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 487,42 теңге.
Ұлттық банктің 15 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 484,11 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,03 теңге.
Еуро – 528,79.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 487,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 489 теңге. Еуро 531,5 — 536 теңге аралығында саудалануда.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 485 теңге, сатып алу құны – 490 теңге.
Еуро 530 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублі 5,03 – 5,15 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!