{metadescription}
Ақтөбеде 900 адам тұратын екі ауылға газ берілді

Ақтөбеде 900 адам тұратын екі ауылға газ берілді

 Ақтөбеде 179 үйі бар Алтықарасу және 81 үйі бар Еңбекші ауылына газ берілді. Бұл жұмыстарға 1,8 млрд теңге жұмсалды.

Ақтөбе облысында ауылдарды газбен қамту жұмысы жалғасып жатыр. Бұл жолы Темір ауданының Алтықарасу және Еңбекші ауылдарына газ берілді. Екі ауылда да құрылыс жұмыстары екі жыл бұрын басталып, Алтықарасуда құбыр тарту жұмысы тез аяқталды.

«Алтықарасу елдімекеніне газ құбырын тарту жұмысы 2022 жылы аяқталды. Алайда ол жаққа газ Еңбекші ауылы арқылы берілетін болып, кеш қосылып тұр. Себебі Еңбекші ауылындағы жұмысты міндетіне алған мердігер уақытында аяқталмай, осы күнге дейін созылды. Үш ай күндіз-түні жұмыс істеп, құрылыс аяқталды», - деді мердігер мекеме басшысы Қаржаубай Аликулов.

Айта кетейік, Алтықарасудағы құрылыс жұмыстарына 691 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, жұмсалды. Мұнда 179 үйде 615 адам тұрады. Ал Еңбекші ауылында газ тарту жұмысына 1,1 млрд теңге бөлінді. Мұнда 81 үйде 395 адам тұрады.

«Біз бұл күнді ұзақ күттік. Ауылға газ жеткізілгеніне өте қуаныштымыз. Күн суытқаны белгілі. Осы орайда үйлерге газдың қосылуы жай ғана қуанышты оқиға емес, сонымен қатар уақытылы жасалған жағдай болып отыр», - деді Еңбекші ауылының тұрғыны Сайын Боранқұлов.

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде