{metadescription}
Пойызда бір күнде бірнеше ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Пойызда бір күнде бірнеше ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Қарағанды базарларының бірінде полицейлер пойызда бірнеше рет жолаушылардың жеке заттарын ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ мәліметінше, күдікті ер адам Көкшетау – Қызылорда пойызында Астанадан Қарағандыға бара жатқан жолда жолаушылардың ұйықтап жатқан сәттерін пайдаланып, үш телефон мен жеке заттары салынған сөмкені ұрлап үлгерген.

"Ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да ұрлыққа қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - дейді ҚР ІІМ.

Ішкі істер министрлігі жол бойында азаматтардың мүлкі мен тыныштығын сақтайтын қарапайым қауіпсіздік шараларын еске салады:

  • Мүлікті қараусыз қалдырмау,
  • қырағы болу, бағалы заттарыңызды өзіңізбен алып жүру және қауіпсіз жерде ұстау өте маңызды;
  • Заттарыңызды бейтаныс адамдарға сеніп қалдырмаңыз;
  • Ақшаға құмар ойындарға қатыспаңыз;
  • Үлкен көлемдегі қолма-қол ақшаны алып жүрмеңіз, банк қызметін пайдаланыңыз.Әйтпесе, ақшаны бірнеше бөлікке бөліп, сөмкеңіздің әртүрлі жерлеріне жасыру керек;
  • Пойызда ұры кез келген адам болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн – жас әйел, қарт адам немесе тіпті жасөспірім;
  • Егер пойызда кез келген заң бұзушылыққа тап болсаңыз, бірден жолсерікке және полицияға хабар беріңіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде