{metadescription}
Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген режимге көшті

Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген режимге көшті

Күннің суытуына байланысты Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Қазгидрометтің болжауынша, ертең, 17 қазанда қар жауады. Күн райының суытуына байланысты ауа температурасы төмендеп, көктайғақтың пайда болуына әкелуі мүмкін.

«Коммуналдық қызметтер көктайғаққа қарсы жұмыстарды жедел жүргізуге дайын. Бұл жұмысқа 10 мердігер ұйым, 841 техника және 1405 жұмысшысы жұмылдырылды. Көктайғаққа қарсы 76 тонна материал дайындалды», - деп хабарлады Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасынан.

Басқарма көктайғақ қаупіне байланысты, көлік иелерін жазғы дөңгелектерін қысқыға ауыстыруға шақырды.

«Жолда көктайғақ болуы мүмкін,сондықтан жүргізушілер жылдамдықты азайтып, көлік арақашықтығын сақтағандары абзал. Жаяу жүргіншілер де тротуарларда жұқа мұздың пайда болу қаупіне байланысты абай болуы қажет», - деп ескертті мамандар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде