{metadescription}
СКИ-Альпинизм: ҰОК пен Альпинизм және спорттық жартасқа өрмелеу федерациясы жаңа спорт түрін дамытпақ

СКИ-Альпинизм: ҰОК пен Альпинизм және спорттық жартасқа өрмелеу федерациясы жаңа спорт түрін дамытпақ

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Геннадий Головкин Альпинизм және спорттық жартасқа өрмелеу федерациясының президенті Нұрсұлтан Шоқановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Кездесу барысында федерацияның алдағы Олимпиада ойындарына қатысты міндеттері (Милан-Кортина-2026, Лос-Анджелес-2028), сонымен бірге құраманың алдағы Харбинде өтетін қысқы Азия ойындарындағы мақсаттары талқыланды.

Айта кетелік, федерация екі олимпиадалық спорт түріне жетекшілік етеді. Олар – спорттық жартасқа өрмелеу мен ски-альпинизм. Спорттық жартасқа өрмелеу 2020 жылғы Токиодағы және 2024 жылғы Париждегі ойындарда жанкүйерлердің қызығушылығын оятып, Олимпиада ойындарының бағдарламасына мықтап енсе, ски-альпинизм енді ғана танылып келеді.

Ски-альпинизм – бұл 2026 жылғы Олимпиада ойындарында алғаш рет ұсынылатын жаңа олимпиадалық спорт түрі. Ол тауға шаңғымен шығып, қатты жылдамдықпен түсу кезінде күрделі участоктардан өту үшін альпинизм машықтарын қолдануды қамтиды.

Қазіргі таңда Қазақстанда халықаралық деңгейде жарыса алатын спортшылар әлі бар. Алайда мұның алдында олар тағы бір маңызды жарыс – 7-17 ақпан аралығында Харбинде өтетін Азия ойындары күтіп тұр.

«Спорттық жартасқа өрмелеу және ски-альпиним – бұл әлеуеті зор және қарқынды спорт түрі. Қазақстан құрамасы екі айналым ішінде спортық жартасқа өрмелеуден үлкен нәтижеге қол жеткізді. Амир Маймұратовтың керемет өнер көрсетуі барлығының есінде, ол квалификация раундында рекорд орнатып, Ойындар қорытындысы бойынша бес үздік спортшы қатарына енген. Бүгінде біздің құрамға алдын ала алты спортшы еніп отыр.

Олар Харбиндегі қысқы Азия ойындарында өнер көрсетпек. Дайындықты бастап кетті. Харбиндегі жарыстардан соң қорытынды жасап, құрамды реттейміз, Милан-Кортиндегі Олимпиадаға жолдама алу үшін дайындық және басқа да дүниелерді қолға аламыз», - деді Нұрсұлтан Шоқанов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде