{metadescription}
2025 жылы күрес түрлерінен әлем чемпионаты Хорватияда өтеді

2025 жылы күрес түрлерінен әлем чемпионаты Хорватияда өтеді

2025 жылы күрес түрлерінен әлем чемпионаты Хорватия астанасы Загреб қаласында өтеді.

Бұл жөнінде Біріккен күрес әлемі (UWW) әлем чемпионатының өтетін жері мен уақытын жария етті. Ересектер арасындағы әлем біріншілігі 13-21 қыркүйек аралығында Хорватияның Загреб қаласында өтеді. Ал 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Грекияның Афины қаласында 8 шілде-3 тамыз аралығында болса, 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы дүбірлі доданы Болгарияның София қаласы қабылдайды.

Ал жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі 20-26 қазанда Сербияның Нови-Сад қаласында жалауын көтереді. Сондай-ақ, Албания астанасы Тиранада өтетін олимпиадалық емес салмақтарда күрес түрлерінен әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандар анықталды. Олардың қатарында еркін күрестен Асыл Айтақын (61 келі), Нұрқожа Қайпанов (70 келі), Дәулет Ергеш (79 келі), Нұрдәулет Бекенов (92 келі), әйелдер күресінен Зульфия Яхьярова (55 келі), Диана Каюмова (59 келі), Ирина Казюлина (65 келі), Жамила Бақбергенова (72 келі), грек-рим күресінен Исхар Курбаев (55 келі), Ержет Жарылқасын (63 келі), Мейіржан Шермаханбет (72 келі), Евгений Поливадов (82 келі) бар.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде