{metadescription}
Маңғыстауда жол апатынан 6 өзбекстандық азамат мерт болды

Маңғыстауда жол апатынан 6 өзбекстандық азамат мерт болды

Қайғылы оқиға 16 қазан күні таңғы сағат 07:30 да Бейнеу-Тәжен тас жолында болған. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Jac» автокөлігі жолдың шетінде тұрған «МАН» жүк көлігіне соғысқан. Жүк көлігі шекарадан өту үшін кезек күтіп, жол жиегінде тұрған. 

«Көлікте барлығы 10 адам болды. Оның төртеуі Бейнеу орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр. Науқастарға қажетті ем-дом толық көлемде көрсетілуде. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 6 адам қаза тапты», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, жол көлік оқиғасына қатысты көліктердің Өзбекстан Республикасында тіркелгендігі анықталды. Жәбірленушілер мен қаза тапқандар Ресей Федерациясынан бара жатқан Өзбекстан азаматтары болып шықты. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, Өзбекстанның Ақтаудағы бас консулдығына хабар берілген. 

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде