{metadescription}
Көрші мемлекеттерде іздеуде жүрген 9 күдікті Түркістан облысында ұсталды

Көрші мемлекеттерде іздеуде жүрген 9 күдікті Түркістан облысында ұсталды

Түркістандық тәртіп сақшылары көрші мемлекеттерде іздеуде жүрген күдіктілерді ұстады. Олардың ішінде бас бостандығынан айыру жазасынан қашқаны үшін халықаралық іздеу жарияланған қылмыскер де бар.

Түркістан облысы полиция департаментінің жедел қызметінің полицейлері бірқатар қылмыстық топ пен заңсыз көші-қон арналарының жолын кесті. Нәтижесінде іздеуде жүрген қылмыскерлер қолға түсті. Нақтырақ айтсақ, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шетелдіктерге мемлекеттік шекараны кесіп өтіп, құжаттарды қолдан жасау арқылы көмек көрсеткен адамдар тобын ұстады.

«Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 5 тұрғыны күдікті болып шықты, олардың екеуі бұрын сотталған. Сондай-ақ көрші мемлекеттің 10 азаматына шекарадан өтуге көмектескен Сарыағаш ауданының екі тұрғыны анықталды. Ұсталған шетелдіктер көші-қон заңын өрескел бұзған», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Ал, экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен Түркістан облысы бойынша ҰҚКД шекара қызметі бірлесе отырып, шекараны кесіп өтпек болып қылмыс жасағаны үшін 2017 жылдан бері іздеуде жүрген көрші мемлекеттің бір азаматын ұстады. Сонымен қатар, көрші мемлекеттерде іздеу жарияланған 9 күдіктіні қолға түсірді.

«Барлық анықталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, заңда көзделген шаралар қабылданды. Заңсыз көші-қон арналарын анықтау және жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу алдағы уақытта да жалғасады», - делінген ведомства ақпаратында.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде