{metadescription}
Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,43 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 488,93 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 488,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 490,9 теңге. Еуро 531 — 535 теңге аралығында саудалануда.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 487 теңге, сатып алу құны – 493 теңге.

Еуро 530 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 5,00 – 5,15 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 16 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 487,42 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,04 теңге. Еуро — 531,39.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.