{metadescription}
Оралда бір күнде екі жол апатынан 1 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды

Оралда бір күнде екі жол апатынан 1 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды

Орал қаласында бір күнде екі жол-көлік оқиғасы болып, 1 жолаушы көз жұмды. Сондай-ақ 6 адам жарақат алды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 15 қазан күні таңмен Орал-Атырау жолында «ВАЗ-2110» және «Лада Веста» көліктері соқтығысты.

Салдарынан «ВАЗ-2110» автокөлігінде отырған жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Екі көліктің жүргізушілері ауруханаға жеткізілді.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, сағат 07.11-де Свистун гора ауданында жол апатының болғаны жөнінде 103 телефонына шақырту түскен. 1980 жылғы ер адам жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болып кеткен. Көптеген жарақатпен облыстық көпбейінді ауруханаға жатқызылған 2006 және 1970 жылғы ер адамдардың жағдайы ауыр. Олар жансақтау бөлімінде. 

Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес сол күні шамамен сағат 18.00-де жүргізуші «Toyota Windom» көлігімен Орал-Подстепный жолындағы көпірде қарсы бетке шығып кетіп, «Renault Logan» автокөлігімен түйіскен. Жол апаты салдарынан қос жүргізуші мен «Renault Logan» автокөлігіндегі екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Екі жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, соңғы жол апатынан зардап шеккен 4 адамның екеуі облыстық және екеуі қалалық көпбейінді ауруханаға түсті. 1987 жылғы әйел нейрохиургия, 1963 жылғы ер адам травматология бөлімшесіне орналастырылды. Қалалық ауруханадағы 1970 жылғы ер және 1971 жылғы әйел адам да қажетті емдерін алуда. Бәрінің де жағдайы орташа. 

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде