{metadescription}
ШҚО-да мемлекеттік қызметкер әкімді сотқа берді

ШҚО-да мемлекеттік қызметкер әкімді сотқа берді

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметкер қызметтік тұрғын үйді өз атына аударып алғысы келген. Бірақ бұған аудан әкімі келіспеді. Сөйтіп іс сотқа жеткен.

ШҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мемлекеттік қызметкер әкімнің пәтерді жекешелендіруден бас тарту туралы шешімімен келіспей, сотқа шағым түсірген. 

Әкім бас тарту себебін қызметтік пәтер баланста тұрған мемлекеттік орган мен қызметкердің арасында еңбек келісімшарты жоқтығынан деп түсіндірген. Ал талапкер мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі барын және экологиялық апат аймағында тұрған адам ретінде бұл пәтерді жекешелендіру құқығына ие екендігін жеткізген.

«Талапкердің жалпы еңбек өтілі — 40 жыл, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі өтілі — 35 жыл. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға сәйкес, егер адамның мұндай тәжірибесі болса және атында үйі болмаса онда қызметтік пәтерді жекешелендіруге құқылы», — делінген ақпаратта.

Осылайша, сот мемлекеттік қызметкердің талап арызын қанағаттандырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде