{metadescription}
Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде пәтерлер мен шатыр жанды

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде пәтерлер мен шатыр жанды

17 қазанда Алматыдағы Құрманғазы– Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан "Престиж Алатау" тұрғын үй кешенінде алапат өрт орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы ТЖД мәліметінше, бірнеше өрт сөндіру жасақтары Қашқар көшесіндегі үйге жіберілген. Жалын пәтерлермен қоса, шатырды да қамтыған.

"8 қабатты тұрғын үйдің 7-қабатындағы пәтер өрті жылдам таралуда. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс атқарып жатыр", — деп хабарлады ведомство.

Өрттің таралу қаупі жойылды, ауданы анықталуда. Тілсіз жаумен 25 өрт сөндіруші мен 6 техника күресуде. Қосымша көмек те жіберілді.

"Олар қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеуде, өйткені заттардың құлау қаупі бар", – деп қосты ТЖД.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде