{metadescription}
ШҚО-да білім саласында 220 млн теңге заңсыз төленген – антикор

ШҚО-да білім саласында 220 млн теңге заңсыз төленген – антикор

Шығыс Қазақстан облысында білім саласында 220 млн теңге заңсыз төленген. Бұл туралы баспасөз конференциясы барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шакенов мәлім етті. 

Өңірдегі білім саласында сыбайлас жемқорлық фактілері аз анықталып жатқан жоқ. Соңғы 3 жылдың өзінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты 68 қылмыстық іс тіркелген.

Барлығы 50-ге жуық адам жауапқа тартылды. Кейбір қылмыстық істер әлі күнге дейін тергеліп жатыр.

«Білім саласында 220 млн теңге заңсыз төленгені анықталды. Оның ішінде өз адамын бір жұмысқа орналастырып қойып, заңсыз жалақы төлеп отыру және еңбекақы мөлшерін негізсіз көтеріп жіберу фактілері жиі тіркелген. Сондықтан барлық мектептерде заңсыз тағайындалған үстемеақыларды анықтауға мүмкіндік беретін бұлтты бухгалтерия жүйесі енгізіліп жатыр», - деді Денис Шакенов

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде