{metadescription}
Өскеменде жер үйден 28 млн теңге ақша мен зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен

Өскеменде жер үйден 28 млн теңге ақша мен зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен

Өскемен қаласы тұрғынының үйінде қомақты ақша бар екенін білген ұрылар ыңғайлы сәтін тосып, тонауға түскен. 28 млн теңге ақша мен зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен екі ер адамды полицейлер ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшыларына хабарласқан азамат үйін белгісіз біреулердің тонап кеткенін жеткізген. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктілерді «ізін суытпай» ұстады. 

Анықталғандай, күдіктілердің бірі бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Тінту кезінде ұрланған 28 млн теңге ақша мен зергерлік бұйымдар табылды. Оған қоса күдіктілерден 1 келіге жуық гашиш тәркіленген.

«Күдіктілер жәбірленушінің үйінде ақша бар екенін білген. Оны аңдып жүріп, ұрлыққа мұқият дайындалған. Үйден кеткенін күтіп, қоршаудан секіріп өткен. Терезе арқылы ішке кіріп, сейфтан ақша мен зергерлік бұйымдарды алып кеткен», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

Екі күдіктіге қатысты ұрлық және есірткіні заңсыз сақтау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде