{metadescription}
Павлодар облысында рекордтық астық жиналды

Павлодар облысында рекордтық астық жиналды

Павлодар облысының диқандары астықты дәнді дақылдар бойынша биыл тағы рекордтық өнімге қол жеткізді.

Өңірде 1 млн 116 мың тонна астық қамбаларға құйылып жатыр. Павлодар облысының егіс далаларында қазіргі уақытта майлы дақылдан өзге дақылдардың барлығы жиналды. Фермерлер үшін жиын-терім науқаны табысты өтіп, рекордтық өнімдер алынды.

Өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Есентай Мүрсәлімовтің дерегінше, биыл облыстағы егіс алқаптарының жалпы аумағы 1 млн 406,2 мың гектар болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 165,5 мың гектарға көп.

- Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріміз жиын-терім нәтижесінде 1 млн 116 мың тонна астық жинағаны мәлім болды. Соңғы рет біздің өңірде 2022 жылы 1 млн 25 мың тонна астық алынған еді. Сондықтан биылғы көрсеткіш рекордтық өнім болып отыр.

Дәнді дақылдар бойынша барлық өнімнің 289,5 мың тоннасын немесе 26 пайызын Ертіс ауданы беріп отыр. Жалпы бұл аудандағы астық өнімділігі биыл аса берекелі болды. Облыста астықтың орташа өнімділігі 12 центнерді құраса, Ертісте 12,7 болды. Ал арпа, тары, қарақұмық бойынша да олар алға озды, - дейді Есентай Мүрсәлімов.

Биыл облыста 769 мың тонна картоп жиналған. Орташа өнімділік – гектарынан 310 центнер.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде