{metadescription}
Шерзат Болаттың өлімі: тағы бір күдікті ұсталды

Шерзат Болаттың өлімі: тағы бір күдікті ұсталды

Талғар қаласындағы 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты тағы бір күдікті ұсталды.

«17 қазанда кәмелетке толмаған Ш.Болатты өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында тағы бір күдікті – К. есімді азамат ұсталды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізу жалғасуда. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің бақылауында», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінен.

Осылайша, Талғарда Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша 11 адам ұсталды. Бұған дейін 10 күдікті туралы хабарланған болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде