{metadescription}
«Интергаз Орталық Азия» АҚ Қызылордадағы басқармасы директорының бірінші орынбасары сотталды

«Интергаз Орталық Азия» АҚ Қызылордадағы басқармасы директорының бірінші орынбасары сотталды

Қызылорда қалалық соты «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамы Қызылорда магистральдық газ құбырлары басқармасы директорының бірінші орынбасары Н.Нұрболатұлына қатысты үкім шығарды.

«Ол „Orda Glass LTD“ жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сметалық құнын асыра бағалау және „Шыны зауытын резервтік газбен жабдықтау газ құбырын салу“ объектісі бойынша орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы 60,1 млн теңге сомасында мүліктік залал келтіргені үшін кінәлі деп танылды», — деп жазды Антикордан.

Сонымен қатар, ол объектіні салу кезінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолы учаскесін механикалық кесу арқылы мемлекеттік мүлікке қасақана зақым келтіргені үшін сотталды.

Сот үкімімен Нұрболатұлына 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқаруға 3 жыл мерзімге тыйым салу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.