{metadescription}
Африкада маймыл шешегінен 1 мыңнан астам адам қайтыс болды

Африкада маймыл шешегінен 1 мыңнан астам адам қайтыс болды

Соңғы бір аптада бұл вирустан 50 адам қайтыс болды, континенттің 18 елінде қайтыс болғандардың жалпы саны 1,1 мыңға жетті, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Африкадағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығының басшысы Жан Касея мәлімдеді.

«Біз бұл індетпен күресуді жалғастырамыз және оның Африканың барлық елдеріне таралуын қаламаймыз», - деп келтірді Associated Press Касеяның сөзін.

Ол, сондай-ақ, жағдайдың бақылаудан шығып бара жатқанына қатысты алаңдаушылық білдіріп, халықаралық серіктестерді көмек көрсетуге шақырды.

«Біз бұл дертпен күресті күшейту үшін құр уәде бере берей, нақты қаржылай көмек көрсетуге көшуіміз керек», - деді ол.

Африка орталығы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған алты айлық жоспардың болжамды бюджеті шамамен 600 млн долларды құрайды, қазіргі кезде оның 55 пайызы бөлінген.

Замбия мен Зимбабве осы аптада маймыл шешегі ауруын растады, ал Кенияда вирустан болған өлімнің алғашқы жағдайы тіркелді. Руанда мен Конго Демократиялық Республикасында вакциналау басталды.

Тамыз айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африкадағы маймыл шешегі індетін жаһандық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялап, аурудың ошағы Конго Демократиялық республикасында екенін атап өтті. Жыл басынан бері Африкада ауру жұқтырудың 42 мыңнан астам жағдайы тіркелді.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.