{metadescription}
ШҚО-да 37 қызметкерге жалақы төлемеген кәсіпорын жауапкершілікке тартылды

ШҚО-да 37 қызметкерге жалақы төлемеген кәсіпорын жауапкершілікке тартылды

ШҚО Самар ауданының прокуратурасы жүргізген талдаумен «Самар» КМК еңбек кодексінің талаптарын бұзып, 37 қызметкерге тамыз айында жалпы сомасы 4,1 млн теңге жалақы төлемегені анықталды.

«Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша 2024 жылғы 1 қазанда қызметкерлер алдындағы борыш толық көлемде өтелді», - деп хабарлады ШҚО прокуратурасы.

Сондай-ақ, жалақыны уақытылы төлемегені үшін кәсіпорын ӘҚБтК-нің 87-бабы бойынша 221 520 теңге сомасында 60 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде