{metadescription}
Ақтөбеде 100-ден астам шетелдік ұсталды

Ақтөбеде 100-ден астам шетелдік ұсталды

Ақтөбеде бір аптада көші-қон заңнамасын бұзған 100-ден астам шетелдік анықталып, ұсталды.

Ақтөбеде осы аптада «Заңсыз келуші» жедел-алдын алу шарасы өтті. Онда тәртіп сақшылары Қазақстанда болу ережесін бұзған 100-ден астам шетелдікті анықтады. Сонымен қатар шетелдіктерді қабылдау және шетелдік жұмыс күшін пайдалану ережелерін бұзған ақтөбеліктер әкімшілік жауапқа тартылды.

«Полиция қызметкерлері бір жылдан астам уақыттан бері өз елінде мемлекетаралық іздеуде жүрген Арменияның азаматын ұстады. Қазіргі таңда аталған шетелдік уақытша қамауға алынды. «Заңсыз келуші» іс-шара аясында учаскелік полиция инспекторлары саяжай аумақтарын, шаруа қожалықтарын, қыстақтарды тексерді», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде