{metadescription}
Ақмола облысының Ерейментау ауданында есірткі зертханасы анықталды

Ақмола облысының Ерейментау ауданында есірткі зертханасы анықталды

Биылғы қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Ақмола облысы бойынша департаменті Ерейментау ауданындағы прокуратура органдары үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетін тоқтатты.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, есірткі затының кезекті партиясын дайындап жатқан кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

7 кг-ға жуық «мефедрон» жүйкеге әсер ететін заты, 100 литрден астам прекурсор, сондай-ақ синтетика жасауға арналған зертханалық жабдықтар тәркіленген.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде