{metadescription}
Қар көшкіні басып қалған алты адамның мәйіті табылды

Қар көшкіні басып қалған алты адамның мәйіті табылды

19 қазан күні таңертең құтқарушылар іздестіру шараларының нәтижесінде із-түзсіз жоғалған қалған 3 адамның денесін тапты. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз орталығы хабар таратты, деп жазады Кабар.

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары кешеден бері Жалал-Абад облысы Чатқал ауданы Ақ-Сай маңындағы қар көшкіні кезінде жоғалып кеткен алты азаматты іздестірді.

3 адамның мәйіті 18 қазан күні табылып, тікұшақпен Құмбел ауданындағы штабқа жеткізілді. Құтқарушылар олардың денесін полиция қызметкерлері мен туыстарына тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, 9 қазан күні Қаныш-Қия ауылының 14 тұрғыны мен бір шетелдік тауға сирек кездесетін өсімдіктің тамырын іздеп шығып, жоғалып кеткен болатын. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 16 қазанда сегіз азамат аман-есен табылды, алтауы қар көшкіні астында қалып, мерт болды.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде