{metadescription}
Бүгін түнде Қарағанды облысында өрт болып, үш бала эвакуацияланды

Бүгін түнде Қарағанды облысында өрт болып, үш бала эвакуацияланды

Бүгін түнде Қарағанды облысының Саран қаласында шаруашылық құрылыстан өрт шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, құтқарушылар өрт кезінде 3 адамды эвакуациялап, өртеніп жатқан жерден үш газ баллонын шығарды. Өрт Саран қаласы Цимлянская көшесі бойындағы үй ауласында шаруашылық құрылысынан шыққан, сондай-ақ дуал жанған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері үйден 3 баланы эвакуациялады.

«Өрт аймағынан көлемі 27 литр болатын 3 газ баллоны шығарылды. Жалын 40 шаршы метр алаңды шарпыған, өрт толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде