{metadescription}
Күн райының бұзылуы: Еліміздің 9 облысында ескерту жарияланды

Күн райының бұзылуы: Еліміздің 9 облысында ескерту жарияланды

Күн райының қолайсыздығына байланысты Қазгидромет еліміздің 9 облысында ескерту жариялады.

21 қазанда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с болады. Облыстың батысында, орталығында 3 градус үсік жүреді.

Талдықорған қаласында түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

21 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қостанай қаласында 21 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

21 қазанда түнде Қызылорда облысыныңсолтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с-ға жетеді.

Қызылорда қаласында түнде найзағай күтіледі.

21 қазанда таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с болады.

Шымкент қаласында күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с болады. 

Түркістан қаласында күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.

21 қазанда түнде Атырау облысының шығысында кей уақытта қатты жаңбыр болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Атырау қаласында 21 қазан күні түнде және таңертең тұман күтіледі.

21 қазанда Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

21 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

21 қазанда түнде Ақтөбе облысының батысында, орталығында нөсер жаңбыр жауады.

21 қазанда күндіз Жамбыл облысыныңбатысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды.

21-22 қазанда түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 21 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады. 22 қазанда облыстың таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Тараз қаласында 21-22 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

22 қазанда күндіз найзағай жарқылдайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде