{metadescription}
Жамбылда ауыр жүк көліктеріне 64,5 миллион теңге айыппұл салынды

Жамбылда ауыр жүк көліктеріне 64,5 миллион теңге айыппұл салынды

Биыл Жамбыл облысында жол жөндеу жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету үшін Жол активтері ұлттық сапа орталығына бюджеттен 220, 8 млн. теңге бөлінген. 

Сөйтіп жыл басынан Сапа орталығы жөнделген жолдардың 228 жерінен 962 сынама алған. Нәтижесінде 538 сынамада сәйкессіздіктер мен мен кемшіліктер анықталды. Негізі жол жөндеу бағытындағы жобалардың басым бөлігінде тапсырыс беруші – ауылдық округ әкімдері. Алайда оларда жол саласы бойынша мамандардың болмауынан қадағалау дұрыс атқарылмайды. 

«Автожолдардың мерзімінен бұрын бұзылуынан сақтап қалу мақсатында Көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, облыс жолдарында рейдтер ұйымдастырылып, биылғы жылдың 8 айында жылжымалы көліктік бақылау бекеттерінде 1 386 әкімшілік хаттамалар толтырылды. Нәтижесінде 64,5 млн. теңге айыппұл салынып, жергілікті бюджетке 54,0 млн. теңге өндірілді», - дейді бұл жөнінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек.

Дегенмен Көліктік бақылау инспекциясында жылжымалы бекеттер жетіспеуінен жолдарды толық бақылап үлгермейді. Жұмыс тиімділігін арттыру үшін автожолдарда автоматты өлшеу жүйелерін орнату ұсынылды. Оған ауыр салмақты жүк көліктерінің қозғалыс жиілігі жоғары 9 жол телімі анықталды. Қосымша облыс орталығына кіре берістегі 11 бағыт зерделенді.

Автоматты өлшеу жүйелерін орнату 3 кезеңге бөліп орнату жоспарланып отыр. 1 дана автоматты өлшеу жүйесін орнату құны – 138 млн. теңге.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде