Астанада полиция өзгенің телефонын қолды қылған күдіктіні ұстады
Белгілі болғандай, ер адам кешке монша-сауықтыру кешеніне барған кезде, үстелде жатқан iPhone 14 телефонын байқаған.
Фото: Zakon.kz
12:23 21.10.2024
Қолайлы сәтті күтіп, басқа келушілердің барлығы бу бөлмесіне кеткен сәтте ол гаджетті алып, монша кешенінен кетіп қалған, осылайша 400 мың теңге көлемінде шығын келтірген. "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Есіл ауданы ПБ қызметкерлері 43 жастағы ер адамды анықтады, ол ұрланған телефонды сатып алушыларға сатқанын, түскен ақшаны керегіне жұмсағанын мойындады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Дереккөз: zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!