{metadescription}
Ақтауда террористік акт жасамақ болған тұрғын 18 жылға сотталды

Ақтауда террористік акт жасамақ болған тұрғын 18 жылға сотталды

Биыл 19 қазанда Ақтау қаласының тұрғынына қатысты террористік акт жасамақ болғаны және терроризмді насихаттағаны үшін үкім заңды күшіне енді, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Ақтау қалалық соты оған 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Зорлық-зомбылық әрекетін жасау үшін жарылғыш құрылғыны, соның ішінде зақымдайтын элементтер жасауға қажетті компоненттер болттар мен шегелерді сатып алғаны анықталды.

Шабуыл нысаны ретінде Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелерінің ғимараттарын таңдап, фото және видеоға түсіру арқылы жергілікті жерді зерттеген.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде