{metadescription}
Биыл заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі тәркіленді — Прокуратура

Биыл заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі тәркіленді — Прокуратура

2024 жылы заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 774 кг героин, 155 кг марихуана, 37 кг гашиш және гашиш майы, 34 кг көкнәр, сондай-ақ 1 кг синтетикалық есірткі бар. Тәркіленген заттардың «қара нарықтағы» құны 7 миллиард теңгеден астам деп бағаланып отыр.

Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, көлік прокуратурасы және басқа да құқық қорғау органдары есірткі бизнесіне қарсы күресті, шекарада жүктер мен пошта жөнелтілімдерін бақылауды күшейтті, шетелден елімізге есірткінің заңсыз әкелінуін болдырмау мақсатында шаралар қабылдады», — делінген хабарламада.

Ираннан героиннің ірі партиясын әкелудің жолы кесілді, оны қылмыстық топ тұрмыстық тауарлар ретінде жасыруға тырысқан болатын.

Сонымен қатар, Еуропа, АҚШ және Таиландтан келген есірткі заттары бар 50-ден астам пошта жолданымдары ұсталды.

Мысалы, Қаржылық мониторинг агенттігі АҚШ-тан есірткі заттарын пошта арқылы контрабандалық жолмен жеткізетін жүйелі арнаны жойды. Нәтижесінде он күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, 15 кг каннабис сығындысы және 8 кг марихуана тәркіленді.

21 сотталушы түрмеге қамалды, арасында шетел азаматтары да бар.

Мемлекет есірткінің заңсыз айналымын тоқтату жұмысын жалғастырып, бақылау шараларын күшейтіп, халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты арттырып отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.