{metadescription}
Доллардың ресми бағамы айтылды

Доллардың ресми бағамы айтылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,93 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 481,68 теңге.

Ұлттық банктің 21 қазандағы ресми бағамы — 1 долларға 485,04 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,04 теңге.

Еуро — 525,98.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 483,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 484,8 теңге. Еуро 521 — 526 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 481 теңге, сатып алу құны — 486 теңге. Еуро 522 теңгеден сатылып, 528 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 5,00 — 5,10 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде