{metadescription}
Шығыс Қазақстанда туберкулезбен ауырғандар саны 3,6 пайыз өсті

Шығыс Қазақстанда туберкулезбен ауырғандар саны 3,6 пайыз өсті

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша туберкулезге шалдыққандар көбейген.

Нақты айтқанда, 225 адам ауырып, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға өсіп отыр.

«Өскемен қаласында және Алтай, Самар, Глубокое, Күршім аудандарында ауырғандар санының көбейгені байқалады. Сондай-ақ облыста балалар арасындағы аурушаңдық та 1,3 есе өсіп кетті. Биыл 12 бала ауырса, былтыр 9 бала бұл сырқатқа шалдыққан болатын», - делінген ақпаратта.

Ал 0 мен 14 жас аралығындағы балалар арасында ауырғандар саны – 7. Оның алтауы Өскемен қаласында, біреуі Ұлан ауданында тіркелген.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.