{metadescription}
Мемлекет басшысы биологиялық материал туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы биологиялық материал туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Еске салсақ, бұған дейін Сенаттың жалпы отырысында «Биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды. Бұл келісімге 2022 жылғы 20 мамырда Минск қаласында қол қойылған.

«Осы заң - биологиялық зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам. Сондай-ақ, ТМД-ға мүше мемлекеттердің жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуын болдырмау, аса қауіпті аурулардың зертханалық диагностикасын жетілдіру, микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын толықтыру және осы келісімге қол қойған мемлекеттердің аумақтарын эпизоотиядан қорғау жөніндегі күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік береді. Келісімді ратификациялау биологиялық материалдармен алмасуды халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес реттей отырып, ғылыми мекемелердің шетелдік әріптестермен өзара іс-қимылы үшін құқықтық базаны қамтамасыз етеді», - деді сенатор Сәкен Арубаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде